Абай және Әл-Фараби аудандары әкімдіктерінің аппараттары


  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • Конференцияның басталу күні: 2018-03-27 00:00:00
  • Конференцияның аяқталу күні: 2018-03-31 00:00:00

Куттыбаев Шалкар 2018-03-29 Сұрақ нөмірі: #41


Ынтымақ-2 мөлтек ауданы 2006жылы кұрылсада, әлі күнге дейін электр жарығынын басқа ешкандай инфроқұрылым (Су,газ,жол-көлік)және білім мекемелері жок.Тек 2017жылы жер асты газ желілерінің кұрлысы басталып тоқтап тұр.Ынтымақ-2 мөлтек ауданы тұргындары атынан аталган мәселелерди шешип беруіңізді сұранамын.Балалар көрші Тұрлан мөлтек ауданынна 2,5-3 шақырым жаяу қатынап оқуда, жолдар жазда шаң, қыста батпақ, еліміздегі үшінші қала деп айта алмайсың. Тұрландағы жоғарғы кернеулі ток өткен «Алмазная» көшесіе турғын үй салып аялдамаға төте жолды жауып тастаған. Ендігі аялдамаға 1-1,5шақырым жерді айналып жүруге тура келеді.Осы көшені тым құрығанда жаяу адам жүретіндей көшені ашып берсеңіздер.


Жауап

ОҚО, Шымкент қаласы Ынтымақ-2 шағынауданындағы газ өткізгіш жүйелерінің құрылысы нысаны бойынша құрылыс жұмыстары мердігер мекеме "АкНур-строй" ЖШС тарапынан 2017 жылы аяқталды. Сондай-ақ осы нысаның табиғи газға қосу көзі болып табылытын "Шымкент қаласындағы Ынтымақ-2 және ЖаңаТұрлан шағынаудандарына магистралдық газ құбырының құрылысы" нысаны бойынша құрылыс жұмыстары "Қараспансауда құрылыс" ЖШС тарапынан аяқталған болатын.

         Алайда аталған шағынауданында магистралдық автокөлік жүретін жолдың кеңеюіне және тротуардың түсуіне  байланысты, жер астындағы жатқан жоғары қысымнан тұратын магистралдық газ құбырларын қорғау аумағының талабы бойынша басқа жерлерге ауыстыруға мәжбүр болуына байланысты магистралдық газ құбырының басқа жерге ауыстыру жұмыстары 2017 жылдың 20 қарашасына дейін жүргізілген болатын. Сол себептен , Ынтымақ-2  шағынаудыны ішкі орамдық газ құбырларын өз мерзімінде іске қосуға мүмкіншіліктер болмаған.

Қазіргі таңда, аталған магистралдық газ құбырына сығымдау жұмыстары  жүргізіліп, жаңа газ құбыры бойынша кайта орындалған  техникалық құжаттары (ИТД) «Қаз ТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ-на тапсырылды.

Алайда, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚӨФ–ның мәліметі бойынша: Ынтамақ-2 газ құбырларын пайдалану үшін, қосымша қызметкерлер қарастырылмаған, газ құбырларын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚӨФ-ның меншігіне өткізу тиіс немесе оларды  пайдалануға шарт жасау қажет.

- Ынтымақ-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін,  2017-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, жобалау сметалық құжатамасын (ЖСҚ) әзірлеу 2018-2019 жылдары жоспарға алынған. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс монтаж жұмыстарына бюджеттік ұсыныс берілетінін хабарлаймын;

- Ынтымақ-2 шағынауданына жер асты коммуналдық жүйелер толығымен өткізілгеннен кейін көшелерге асфальт салу жұмыстары қарастырылатын болады; 

- Ынтымақ-2 шағынауданы аумағына  900 орындық орта мектеп құрылысын салу үшін, жер теліміне қажетті құжаттар рәсімдеу жұмыстары ұйымдастырылуда;

- Тұрлан шағынауданы Алмазная көшесінен аялдамаға баратын төте жолды жауып тастағандығы туралы  мәселе бойынша  жұмыстарын жүргізу қалалық қатысты бөлімдермен бірлесіп атқарылады және қорытындысы қосымша хабарланады.  

ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР