Қорғаныс министрлігі мен Шымкент әкімдігі меморандумға қол қойды

ҚР Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум түзілді.

 

 

 

   

 

 

 

Мерзімі бес жылға түзілген меморандумға ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов және республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы, генерал-майор М.Таласов қол қойды.

 

 

 

   

 

 

 

Меморандум аясында тараптар өскелең ұрпаққа отансүйгіштік  сезімнің,  азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің  қалыптасуын  қажет деп  тауып, жастардың  әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл етуге келісті.

 

Сонымен қатар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ, әскери қызметтің беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуғ кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен және республикалық және өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, әскери-патриоттық үйірмелердің, кадет сыныптарының, сондай-ақ білім беру мекемелерінде, оқушылар сарайында, демалыс лагерьлерінде, спорт лагерьлерінде өзге де жастар ұйымдарының жұмысы бойынша өзара іс-қимыл жасау жоспарланды.





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР