Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалына директор тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бұйрығымен Бахыт Басымбек Шымкент қалалық филиалының директоры болып тағайындалды.

 

Басымбек Бахыт Мүсірәліұлы 1984 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2005 жылы Қазпотребсоюз Шымкент экономикалық колледжін бітіріп, Алматы гуманитарлық-техникалық университетінде оқуын жалғастырған.

 

Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бөлімінің Сарыағаш аудандық филиалының  бас маманы қызметінен бастап, 2006-2016 жылдары осы орталықтың облыстық филиалында  бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

 

2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалының «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің  директоры,  директордың орынбасары болды.

 

2018 жылғы 1 қазанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.

 

***

 

"Азаматтарға арналған үкіметтің" жаңа филиалы ашылды

 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында өзгерістер орын алды. Аймақтың қайта құрылуына, Шымкент қаласы республикалық мәртебесін алып, ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгендігіне байланысты, мемлекеттік корпорацияда жаңа филиал пайда болды.

 

Түркістан облысының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 24 фронт-офис, 5 сектор жұмыс істейді, оның ішінде 2 сектор мамандандырылған ХҚО секторы болып табылады.

 

Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша әкімшілігі Түркістан қаласы, Төле би көш, 63 ғимарат. индекс 161200, Реквизиттері: БСН 180541003290, KZ446010291000066755, БСК HSBKKKZKХзаңды мекенжайына ауыстырылды.

 

Шымкент қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді мамандандырылған ХҚО мен көші-қон орталықтарын қоса алғанда жалпы саны 10 фронт-офисті құрайтын ХҚО-дан ала алады.

 

Шымкент қалалық филиалдың заңды мекен-жайы: индекс 160011, Шымкент қ, Әл-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көш, 1/16 ғимарат. Реквизиттері БСН 180941014697, БСК HSBKKZKX.

 

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, сонымен қатар мерзімдер мен тізімдер өзгеріссіз қалады.

 

Айта кету керек, ауыл шаруашылық қызметтері оның ішінде субсидиялау бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, медицина, құрылыс саласы және оралман мәртебесін алу үшін рұқсат беру құжаттарын оның ішінде лицензия және хабарлама  дайындау мемлекеттік қызметтері бойынша  аймақтық ХҚО-ға жүгіну қажет.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

 





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР