Шымкентке Ө.Шөкеев бастаған республикалық ақпараттық топ келді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Шымкент активімен кездесті.

 

Жолдаудың бірінші тапсырмасы аясында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді басым бағыттардың бірі ретінде атап өткен еді. Және еңбек өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндетін қойды.

 

– Ауыл шаруашылығы өндірістік кешенін қолдаудың жоспарланған iс-шаралары үш блокқа бөлінуі мүмкін: жүйе, индустрия және нақты инвестициялық жобалар. Өнеркәсіп мемлекеттік тетіктер жетілдіріліп, мемлекеттік қолдау көлемі артады. Сондай-ақ, тиімсіз субсидияларды қысқарту жоспарлануда. Жалпы, Елбасының әр Жолдауы – маңызды оқиға. Жолдау аясында Үкіметке нақты тапсырмалар беріліп, негізгі бағыттар айқындалып отыр. Біз экспорттық әлеуетті артыруымыз керек. Санға емес сапаға жұмыс істейік. Барлықтарыңызды Елбасының сенімін ақтауға шақырамын, – деді Өмірзақ Естайұлы.

 

 

 

   

 

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та Елбасы Жолдауы аясында қолға алынған нақты іс-шараларды атап берді. Бүгінде Жолдауда көрсетілген міндеттеді орындау мақсатында Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі алдағы уақытта «Шымкент» агро-индустриалды аймағы құрылатынын жеткізді.

 

Жобада аграрлық секторды экономиканың жаңа қозғаушы күштеріне айналдыру қажеттігі ескеріледі. Оған 20 млрд.теңге жеке инвестиция тартылып, 40 кәсіпорын ашу жоспарлануда. Нәтижесінде Шымкентте бүкіл ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кластер жасалып, 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 67,5 млрд теңгеге жеткізілмек.

 

Жиын барысында сала мамандары мен зиялы қауым өкілдері Жолдаудағы міндеттердің орындау бойынша бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс істеу қажеттігін айтты.





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР