Шымкентте кедендік рәсімдеу бойынша «дөңгелек үстел» өтті

30 қараша күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтың төрағалық етуімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған «Кедендік декларациялаудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті. Жиынға «Нұр Отан» саяси партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары Бегайдар Төлегенов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дармен Данияр, жауапты мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 

   

 

 

Департамент басшысы Н.Көшеров Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  бағдарламасында экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде "бір терезе" қағидатын енгізу, электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу), экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқартуды тапсырғанын атап өтті.

 

Ұлт жоспары мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексімен Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға декларацияны ұсынуды міндетті түрде электрондық түрде жүзеге асыру қарастырылған. Осы мақсатта «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізіліп отыр.

 

Аталған жүйенің негізгі мақсаты – кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызу, алдын ала ақпаратты ұсыну және кедендік декларацияны шығару. Ең бастысы, осы жүйені енгізу арқылы кеден органы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тікелей қатынасын қысқарту арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік бар.

 

Жиын барысында Кедендік бақылау басқармасының басшысы Т.Тұрғанбаев, Тарифтік реттеу басқармасының басшысы А.Саметова, Кедендік бақылау басқармасының жетекші маманы А.Иманалиев баяндама жасады.

 

Бас қосу соңында қатысушыларға «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасаудың негізгі ерекшеліктері, басшылардың азаматтарды қабылдау күні және кеден бекеттерінің байланыс нөмірлері көрсетілген брошюралар үлестірілді.





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР