Шымкент қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты  Шымкент қаласы бойынша 1 аумақтық, 4 аудан бойынша аумақтық және 260 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссия жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қалалық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағ. 13:00-ден 14:00-ге дейін.

 

Шымкент қаласы мәслихаты

Шымкент қаласы  мәслихатының хатшысы – Ғ. Ташқараев.

Мәслихаттың орналасқан жері: Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10.

Жауапты тұлға – Ақмарал Алибекова, №205 каб., телефоны 8 (7252) 24-74-72, 24-74-00, электрондық поштаның мекенжайы: maslikhat_shm@mail.ru.

 

Шымкент қаласы бойынша сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау

 

Өтініш





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР