2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп беру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көпшілік алдында талқылауға енгізді.

 

«Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына ҚР Экологиялық кодексінің 154-бабына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 87, 132-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына, ҚР «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасына, ҚР Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 «Әкімшілік деректерді әкімшілік дереккөздермен тегін беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтардың сыныптамасын бекіту туралы» № 169-п бұйрығына сәйкес, сонымен қатар жыл сайын Министрлік және Үкімет арасындағы «Өнеркәсіптік қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі меморандумға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

 

Түзетулерді қабылдау мерзімдерін ескере отырып, 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу туралы жылдық есеп қолданыстағы нұсқада «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады, ал 2019 жылдың қалдықтарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылдың 1 наурызына дейін жаңа нысанда http://os.energo.gov.kz ҚОҚ БАЖ жүйесінде қалыптастырылады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР