Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының атауы өзгерді

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен сессия отырысында "Шымкент қаласының басқару схемасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

 

 


 

Шымкент қаласы əкім аппаратының басшысы Е.Əлімқұлов қалалық мəслихат депутаттарының назарына Шымкент қаласындағы үш басқарманың атауын редакциялауды ұсынды. Шымкент қаласы мəслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.

 

Шымкент қаласының басқару схемасының:
 

"Туризм жəне сыртқы байланыстар басқармасы" деген жолы "Туризм басқармасы" болып;
 

"Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы" деген жолы "Шымкент қаласының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы" болып;
 

"Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету жəне архивтер басқармасы деген жолы "Цифрландыру басқармасы" болып өзгерту енгізілді.
 

 

Аталған өзгерістерді Шымкент қаласы мəслихатының депутаттары бірауыздан мақұлдады.

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР