Шымкентте 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекеге орай Түркістан сарайында концерт өтті.

 

 

 

   

 

Қала әкімі салтанатты іс-шарада қаланың барлық әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесiмен құттықтап, 20 көпбалалы анаға Алтын алқа мен Күміс алқа төсбелгілерін табыс етті.

 

 

 

   

 

 

 

– Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде аналардың алар орны айрықша. Еліміздегі әрбір бесінші сәбидің Оңтүстікте өмірге келетінін ескерсек, ақ жаулықты аналарымыздың демографиялық дамуға қосып келе жатқан үлесін мақтанышпен айтамыз. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында барлығымыз бас иемiз. Асыл аруларымыз отбасы берекесімен бірге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 60 пайызын нәзік жандылар құрайды. Ал қала әкімдігіндегі қызметкерлердің 42 пайызы әйел азаматтар, - деді қала әкімі.

 

 

 

   

 

 

 

Салтанатты жиынға тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар мен түрлі салада қызмет етіп жүрген іскер әйелдер қатысты. Мерекелiк кеште Қазақстан эстрада жұлдызы МузАРТ тобының концерттік бағдарламасы мен жергiлікті дизайнерлердің сән топтамаларының көрсетілімі өтті.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР