Шымкенттегі керамогранит зауытының өндірісі кеңеюде

Шымкент қаласындағы «Зерде Керамика» зауытының өнім түрі кеңейді. Қазақстан бойынша керамогранит өндіретін бірден-бір зауыттағы өнім түрі 6-дан 30-ға дейін жетіп отыр.

 

Қала әкімінің орынбасарлары Д.Жумин мен Б.Мамыталиев кәсіпорынның жұмысымен танысуға арнайы барды. Өнімдері барлық европалық стандарттарға сәйкес келетін зауыт басшылығы жергілікті құрылыс компанияларының өкілдеріне өз өнімдерін таныстырды.

 

 

 

   

 

 

 

Қала әкімінің орынбасарлары зауыт мемлекеттің жалпы сұранысының 40 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отырғанын айтып, салынып жатқан құрылысқа отандық өнімді қолдануға шақырды. Сонымен қатар қаладағы тұрғын үй құрылысында отандық құрылыс материалдарын пайдалану назарда екенін жеткізді.

 

 

 

   

 

 

 

Айта кетейік, «Зерде Керамика» зауыты жылына 2 млн шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығарады. Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорында 140 адам жұмыспен қамтылған. Құрылымдарды араластырудан бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі желі толық автоматтандырылған.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР