Басқарма басшылары мен әкімдік қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

«Көпшілік алдында сөз сөйлеу: топтық жанжалдарды басқару» семинар-тренингіне қатысушылар шешендік шеберліктің негізгі әдістерімен танысты, көпшілікпен жұмыс істеудің жаңа технологиясын үйренді. Іс-шараға аудан әкімдіктерінің жетекшілері, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева бастаған мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

 

 

 

   

 

 

 

Тренингте психология ғылымдарының докторы, бизнес-тренер, Ресей Федерациясының кәсіби психотерапевтік лигасының халықаралық деңгейдегі ресми оқытушысы және мүшесі Гүлмира Аяпбергенова мемлекеттік қызметкерлерге халықпен жұмыс істеу, қызметтік дауларды шешу бойынша психологиялық кеңес берді. Бұған қоса топтық іс-әрекеттің психологиясы, күйзеліске тұрақтылық, көпшілікпен қарым-қатынасқа түсу, топтық агрессиямен жұмыс жасаудың рет-тәртібі, эмоционалдық интеллект туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.

 

 

 

   

 

 

 

Ашық диалог форматында өткен жиын барысында ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.



11.04.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР