Хабарландыру

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тарапынан 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген кәсіпорындар мен ұйымдарды, үздік мамандарды анықтау жөніндегі байқау-конкурсы ұйымдастырылуда.

 

Конкурс 3 номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік қауіпсіз кәсіпорын»
  2. «Үздік еңбекті қорғау қызметі»
  3. «Қалалық еңбек қорғау саласындағы үздік еңбекті қорғау инженері»

 

Сонымен қатар, байқау-конкурс барысында қаламыздағы еңбек заңнамасының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің жүзеге асырылуының мемлекеттік, қоғамдық бақылауын күшейту, еңбекке қауіпсіз, қолайлы жағдай жасауды ұйымдастырудың алдыңғы, озық әдістемелері мен тәжірибелері насихатталады.

 

Осыған байланысты, барлық жұмыс берушілерді 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған Шымкент қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекті қорғау мен оның жағдайын жақсарту және еңбек заңнамасының сақталуын үздік ұйымдастырудың 2018 жылдың қорытындысы бойынша байқау-конкурсына қатысуға шақырамыз.

 

Шымкент қаласында жұмысшыларға қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жоғары нәтижеге қол жеткізген кәсіпорындар мен ұйымдарды, үздік мамандарды анықтау жөніндегі байқау-конкурс ЕРЕЖЕСІ

 

І. Байқау-конкурсты өткізуге қойылатын жалпы талаптар.

 

1.1. Байқау - конкурсы ҚР Еңбек кодексінінің және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің жүзеге асырылуының мемлекеттік, қоғамдық бақылауын күшейту, еңбекке қауіпсіз, қолайлы жағдай  жасауды ұйымдастырудың алдыңғы, озық әдістемелері мен формаларын тарату мақсатында жүргізіледі.

 

1.2. Байқау-конкурсына еңбек заңдарын мүлтіксіз қадағалайтын, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жетістікке жеткен ұйымдар мен кәсіпорындар қатыса алады;

 

1.3. Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары:

 

а) байқау-конкурстың жақсы өтуін қаматамасыз етеді, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын, еңбекті сауықтандыру және жеңілдету, жұмыскерлерге медициналық, әрі тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін жоғарылату бойынша озық ұжымдардың тәжірибелерін таратады;

 

ә) еңбекті және еңбек заңнамасын қорғау бойынша жалпы тексерістер жасайды, еңбек жағдайы бойынша өндіріс объектілерін аттестациялауға ерекше назар аударып, ұжымдық келісімшарттардың орындалуын, еңбекті қорғау қызметтерін құрумен, еңбек процесстерін механизациялаумен, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің мониторингін жасаумен, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатуға және оқытуға, оларды тұрмыстық әрі емдік-алдын алу бойынша жағдайлар жасаумен айналысады;

 

б) байқау-конкурсын өткізу бойынша іс-шаралардың орындалуы бойынша жұмыс жоспарларында қарастырады.

 

ІІ. Байқау-конкурсын өткізуді ұйымдастыру.

 

2.1.  Байқау-конкурсын ұйымдастыруды жалпы бақылау басқармада арнайы құрылған комиссияға жүктеледі.

 

2.2. Кәсіпорындардағы байқау-конкурсын өткізуге әкімшілік және кәсіподақтық комитеттер құратын жұмысшы комиссиялар жетекшілік етеді, кәсіподақтық ұйым болмаған жағдайда еңбекті қорғау бойынша инспекторлар басқарады;

 

2.3. Байқау-конкурсы жайлы Ережені кәсіпорындарға мемлекеттік еңбек инспекторлары жеткізеді жане БАҚ-да да жарияланады;

 

2.4.  Кәсіпорындардың, ұйымдардың құрылымдық бөлімдерінде құрылған комиссиялар байқау қорытындыларын шығарады, байқауды өткізгенде белсене атсалысқан, жаңа техниканы және еңбектің алдыңғы әдістемелерін, қауіпсіздік техникасының дамушы құралдарын енгізуде, сондай-ақ өндірістегі еңбек жағдайын және тұрмысты жақсартуда тапқыр, әрі жетілдіруде ерекше жетістікке жеткен жеке жұмыскерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді марапаттау мен сыйақы беру туралы материалдарды даярлайды;

 

2.5. Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, кәсіподақ кеңестері, ал, кәсіподақтық ұйымдар болмаған жағдайда еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлар, жұмыспен қамтушылар одақтары байқау-конкурсын өткізу барысында әдістемелік көмек көрсетеді, біріккен отырыстарда, коллегияларда оны өткізу мәселелерін қарастырады, байқауды өткізу, жеңімпаздарды марапаттау жайлы ұсыныстар жібереді.

 

ІІІ. Қатынасушылардың анықтама жазбаларында көрсетілетін байқау-конкурстың жобалық мәліметтері.

 

3.1. Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау, еңбекті қорғау қызметтерін құру, еңбекті қорғау және қауіпсіздігінің мониторингі, жұмыс орындарын, учаскелерді, цехтарды, машиналарды жарықтандыру, қажетті қоршаулармен қоршау, ұжымдық қорғаумен, инвентарь, ескерту, жарық, дыбыстық және басқа да қауіпсіздік белгілерімен, қолданбалы нұсқаулықтармен, плакаттармен қамтамасыз ету;

 

3.2. Қауіпті және зиянды улардың, газдардың, радиоактивті заттардың, электромагнитті өрістердің алдын алу, жарылыстардан сақтану, метеорологиялық тиімді жағдайларды жасау;

 

3.3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігін әкімшілік-қоғамдық қадағалауды жүзеге асыру, техникалық қауіпсіздік Күнін өткізу;

 

3.4. Бригадаларда, цехтарда, учаскелерде еңбекті қорғау басқармасының жүйелерін (ЕҚБЖ) өнегелік және материалдық ынталандыруды міндетті қолданатындай етіп құру;  

 

3.5. Мемлекеттік еңбек инспекторларының ескертулері мен нұсқауларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

 

3.6. Жұмыскерлердің еңбекақылары бойынша ешқандай қарыздың болмауы, еңбекақының уақтылы, әрі толық төленуі;

 

3.7. Әлеуметтік төлемдердің, қосымша үстемеақылардың, демалыстар төлемдерінің уақтылы төленуі, әйелдер мен жеткіншектер жұмыстарына қатысты заң талаптарының сақталуы;

 

3.8. Ұжымдық келісімшарттарды жасау, ұжымдық келісімшарттың бөлімдерінің орындалуын талқылау;

 

3.9. Еңбек мүгедектерінің зақымдарын уақтылы және толық қалпына келтіру;

 

3.10. Жұмыскер еңбек міндеттерін орындау барысында өміріне және денсаулығына зиян келтірсе жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру.

 

IV. Байқау-конкурсына қатысушы-жеңімпаздарды марапаттау, ынталандыру.

 

Үздік нәтижелерді қарау барысында жетістікке жеткен ұжымдық-жеңімпаздарды марапаттау, ынталандыру үшін, марапаттаудың, ынталандырудың келесі түрлері бекітіледі:

 

Байқау-конкурсының қорытындысын жасап, жауапты комиссия еңбекті қорғауды және еңбек жағдайларын ең жақсы ұйымдастырған келесі номинациялар бойынша марапаттайды:

 

«Үздік қауіпсіз кәсіпорын» туралы жұмыс берушілерді 3 номинация (өндіріс салаларына қарай), «Үздік еңбекті қорғау қызметі» 3 номинация, «Қалалық еңбек қорғау саласындағы үздік еңбекті қорғау инженері» 3 номинация бойынша марапаттау, сыйлықтар беру.

 

Байқау-конкурс барысында еңбекті қорғау және еңбек заңдарын сақтау бойынша ұсынылған жұмыстардың дәстүрлі емес жаңа формаларын тарату;

 

- Қаланың азаматтарының еңбек құқықтарын қорғауда өзекті мәселелерді қозғау бойынша журналистер арасындағы конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттау.

 

V. Байқау қорытындыларын шығару.

 

5.1. Конкурсқа қатысушылар қалалық комиссияға тұрмыс, еңбек жағдайлары мен қорғалуы және орнатылған үлгі бойынша еңбек заңының сақталуы туралы мәліметтері бар көрсеткіштер кестесін әкеледі. Конкурс қорытындысы экономика салалары бойынша шығарылады;

 

5.2. Байқауда өндірістік жарақатты ең аз алған және кәсіби аурумен аз ауырған, сәйкес санитарлық нормалар мен қағидалар бойынша еңбекті қорғау мен жағдайының неғұрлым жоғары сәйкес болуы, еңбекті қорғау және еңбек заңдарын сақтау бойынша жұмыстардың алдыңғы әдістемелерін неғұрлым кең таратқан ұжымдар жеңімпаз болып танылады;

 

5.3. Кәсіпорындарда, ұйымдарда байқау-конкурс нәтижелері кәсіподақтармен және әкімшілікпен қарастырылады, кәсіподақтық ұйым болмаған жағдайда еңбекті қорғау бойынша инспекторлар біріккен отырыстарда қарастырады.

 

Байқау-конкурс нәтижесі бойынша материалдар (анықтама, байқау шарттарының орындалуы жайлы көрсеткіштер) комиссияға 2019 жылдың 22 сәуіріне дейін берілуі тиіс.

 

5.4. Байқау-комиссиясын өткізу бойынша құрылған комиссия:

 

- түскен материалдарды талқылайды, жеңімпаздарды анықтайды, оларды марапаттайды, еңбекті қорғауды жақсарту және еңбек заңдарын сақтау бойынша жұмыстардың дәстүрлі емес жаңа формаларын жариялайды.

 

- байқау-конкурсқа қатысушылардың өкілдерінің қатысуымен марапаттау салтанатты түрде өтеді.

 

VI. Қаржымен қамтамасыз ету.

 

Байқау-конкурсты өткізуге қаражат шығындары Шымкент қаласы, жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР