ШЫМКЕНТТЕ 33 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 11 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Қуатжан Жұматаев әкімдікте өткен жиында мәлімдеді.

 

      

 

Айта кетсек, бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен басқарма басшылары мен төрт аудан әкімдерімен мәжіліс өтті. Жиында шаһардың инфрақұрылым жүйелері, аулаларды абаттандыру жұмыстары бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, энергетика және коммуналдық-шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшыларының атқарылған жұмыстары талқыланған еді.

 

– Ең алдымен сапаға мән берілсін. Өз міндеттеріне салғырт қарайтын мердігерлерге шара қолданылады. Жалпы стратегиялық жұмыстармен қатар, халықтың талап-тілектеріне жауап беріп, бақылап отыру керек. Менің Инстаграм парақшама кіріңіздер, ондағы комментарийлерді мұқият оқыңыздар, пікірлерде қала тұрғындарының өзекті шағымдары бар. Әрдайым әлеуметтің желіде тұрғындардың арыз-шағымын бақылап отырыңыздар, – деді қала әкімі.

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР