Коммерциялық емес ұйымдарға арналған ақпараттық хат

«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қоры (бұдан әрі – Корпоративтік қоры) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары (КЕҰ) арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мақсатында «ӘREKET» жобасын (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асыруда.

 

2019 жылы жоба аясында Корпоративтік қор гранттар байқауын өткізеді. Әрбір КЕҰ гранттар байқауына қатысып, әлеуметтік кәсіпкерлік* саласында өз жобасын жүзеге асыруға 3 млн теңгеге дейін грант жеңіп ала алады.

 

Байқау үш кезеңнен тұрады.

 

Бірінші кезең: 2019 жылдың 3-30 маусымы аралығында КЕҰ мүшелері гранттар байқауы туралы ережеге сәйкес өтінім береді.  Байқауға қатысуға өтінімдер электронды түрде areket.skt@gmail.com поштасында қабылданады. 2019 жылдың 1-15 шілдесі аралығында Корпоративтік қор өтінімдердің алғашқы  іріктеуін жүргізеді.

 

Екінші кезең: 2019 жылдың 16 шілдесінен 1 тамызына дейін екінші кезеңге өткен КЕҰ байқау комиссиясы іріктейтін толыққанды өтінімдерді ұсынады. Байқау комиссиясы құрамына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, әлеуметтік және бизнес секторының сарапшылары кіреді.

 

Үшінші кезең: 2019 жылғы 13-16 тамыз аралығында іріктеу қорытындысы бойынша КЕҰ әлеуметтік әсер ету, инновация, өзін-өзі қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылық, бизнесті жоспарлау, PR және маркетинг және т.б.  қамтитын үш күндік «Инкубатор» білім беру бағдарламасына қатысып, одан әрі байқау комиссиясының алдында жобаларын қорғауға мүмкіндік алады.

 

Жобалар қорғалғаннан кейін байқау комиссиясы әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобаларын жүзеге асыратын грант алушыларды анықтайды. Тренингке қатысуға жұмсалатын барлық шығындарды Корпоративтік қор өтейді.

 

Гранттар байқауы басталғанға дейін «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық кездесулер өткізеді.

 

13 мамыр - Қызылорда;

14 мамыр - Талдықорған, Түркістан;

15 мамыр - Шымкент, Орал, Қостанай;

16 мамыр - Көкшетау;

17 мамыр - Алматы;

20 мамыр - Ақтөбе;

21 мамыр - Атырау;

22 мамыр - Қарағанды, Тараз;

24 мамыр - Ақтау;

27 мамыр - Петропавл;

29 мамыр - Павлодар;

31 мамыр - Өскемен;

3 маусым - Нұр-Сұлтан.

Кездесулерді өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат www.sk-trust.kz сайтында қосымша жарияланады. Кездесуге қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда түсіндіру кездесулерін өткізу уақыты мен орны туралы толық ақпарат алу үшін www.sk-trust.kz сайтында тіркеу сауалнамасын толтыруды сұраймыз.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда КЕҰ +7 (7172) 57 63 05, 24 80 14 нөмірлері арқылы (қоңыраулар Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласа алады.

 

«ӘREKET» жобасы аясында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған гранттар байқауын өткізу туралы Ережемен http://www.sk-trust.kz/kz/competition сілтемесі бойынша танысуға болады.

 

* Әлеуметтік кәсіпкерлік – табысы жарғылық мақсаттарына сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған коммерциялық емес ұйымның кәсіпкерлік қызметі.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР