Шымкентте Hawaii Shymkent демалыс аймағы ашылды

Үшінші мегаполисте Hawaii Shymkent демалыс аймағы ел игілігіне берілді. Маятас елдімекенінде Бадам су қоймасы маңынан орын тепкен нысанның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт сияқты елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

 

 

   

 

 

 

Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінде Данат Есболұлы демалыс аймағы қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенім білдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әбубәкiров те ел игілігіне жұмыс істей беруіне сәттілік тіледі.

 

– 2017 жылы эскиз-жобамызды қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы бірінші қолдады. Міне, осындай қолдаумен құрылысты аяқтап отырмыз. Басты мақсат – халық игілігі үшін жұмыс істеу. Бір айта кетерлігі, жанымызда Бадам су қоймасы бар. Ол қазір туризмге де жұмыс істеп тұр. Келешекте су қоймасы туризмнің орталығына айналар деген үміт бар. Болашақта қала әкімінің қолдауымен тағы да бірнеше жобаларды іске асыру ойда бар, - дейді жобаны іске асырушы Сенбай Сейсенов.

 

 

 

   

 

 

Жалпы құны 1 млрд 250 млн теңгелік жобаның құрылтайшысы – белгілі меценат Төкен Танаұлы. Аумағы 5,7 гектар кешенде бір мезетте 1500-2000 адам тыныға алады. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін Hawaii Shymkent аймағы отбасымен демалуға таптырмас орын. 3 бассейн, демалыс орындары, мейрамхана, конференц залы бар. Мұнда құрылыс кезінде 250 адам жұмыс істеген. Қазір 85 адам қызмет істеп жүр. Барлығы да осы ауылдың адамдары.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР