Шымкентте медицина қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Шымкент қаласында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіліп, 9 дәрігерге пәтер кілті табысталды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, медициналық ұйымдардың қызметкерлері, ардагер-дәрігерлер қатысты.

 

 

 

   

 

 

Қала әкімі дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, медицина саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

 

– Елбасының тапсырмасына сәйкес, 1 маусымнан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілді. 2 қалалық аурухана мен қалалық перзентхана күрделі жөнделуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 8 емхана салынады және инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Шымкентте бұған қоса жаңа 1200 орындық көпсалалы аурухана салынады. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын көтеруде тұрғын үймен қамту мәселесі шешіледі. Күз айында стансалар 100 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етіледі, - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

 

 

 

   

 

Салтанатты жиында қала әкімі 9 маманға пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ, қаладағы медициналық ұйымдағы 30-дан аса қызметкер денсаулық сақтау министрінің марапатына ие болды.

 

 

 

   

 

 

 

Айта кетейік, қазір қаладағы мемлекеттік 36, жекеменшік 69 медициналық ұйымда 12 мыңнан астам қызметкер халыққа қызмет көрсетеді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР