ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында Ұлттық домбыра күніне орай домбыра аспабына орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. "Түркістан" сарайының алдынан орын тепкен ескерткіштің ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қатысты. Сондай-ақ қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер мектебінің оқытушылары мен шәкірттері куә болды.

 

 

   

 

 

Биіктігі 7 метр ескерткіш ұлттық нақыштармен көмкерілген. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Домбыра күнінің маңызына тоқталып, жаңа ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

 

– Бүгін - барлығымызға қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтың жаны, философиясы деуге болады. Домбыраның үнінен-ақ көп жайтты түсінеміз. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын. Ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен қала мәслихатының депутаттарына, меценат азаматтарға өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

 

 

   

 

 

Жиында айтыскер ақын Біржан Байтуов өз арнауын оқып, домбыра күні рухымызды асқақтататын мереке болуы тиіс екенін айтты. Мерекелік бағдарламада халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары орындалып, мерекенің әрін кіргізді.

 

 

   



09.07.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР