ШЫМКЕНТТЕ 1200 ОРЫНДЫ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында жекеменшік 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім мекемесіне Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның есімі берілді. Ғимараттың ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, көпшілікті құттықтады.

 

 

   

 

 

Мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар. Жаңа мектепте екі ауысымда 2400 оқушы оқи алады.

 

 

 

   

 

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге қаладағы бірқатар мектептер көшкен. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында қаладағы 11 жекеменшік мектептің 4200 оқушысы мемлекеттік сатып алу аясында қаржыландырылған.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР