Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың өкімімен Әли Алтай Сембекұлы қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Алтай Сембекұлы 1985 жылы туған. Білімі – жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

 

Еңбек жолында Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

 

Соңғы уақытқа дейін Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі қызметін атқарып келді.



15.07.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР