БЕЛГІЛІ МЕТАЛЛУРГ САТЫБАЛДЫ ИБРАГИМОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

Бүгін, қасиетті жұмада қазақтың аяулы ұлдарының бірі, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан Сатыбалды Ибрагимов ағамыз өмірден озды. "Аяулы азамат" деген сөз жәй сөздің реті үшін ғана айтылып отырған жоқ. Ол саналы ғұмырында шын мәнінде өзінің қазақ деген ұлтының ұлы екенін дәлелдеп кетті. Тіпті Сатыбалды ағаның ең соңғы сөзінің өзі еліне арналды. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаxановтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде сөз алған аяулы аға бүгінгі қоғамға қажет мәселелерді қаузап отырып, жүрегі кенеттен тоқтап қалды.

 

 

Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов 13.03.1940 жылы Сайрам ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымының докторы, ғалым, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Украинада №8 кәсіптік-техникалық училищені (1959), Мәскеу қаласындағы П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Еңбек жолын Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен Теміртауда бірге еңбек етіп, отандық металлургияның өркендеуіне зор үлес қосты. Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болатқорытушы болып бастап, түрлі басшылық қызметтер атқарды. 1988 – 2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» фирмасының президенті, бас кеңсесі Лондон қаласындағы «Успатниттің» Теміртау қаласындағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті қызметтерін атқарды. Еуроазиялық өндірістік ассоциация төралқасының мүшесі.

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болғай, Сатыбалды аға!



14.08.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР