Шымкент қаласының су арнасына цифрлық жүйелер енгізіледі

Шымкент қаласы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ұйым – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС шаһардағы ауыз су және шайынды су жүйелерін цифрландыру бағытында әлемдік компаниялармен әріптестік байланысты нығайтып келеді.   

Қалалық су арнасының басшылығы финляндиялық UROS компаниясымен келісімге отырып, су арналарын гидравликалық моделдеудің алдын ала есебін жүргізу жобасын іске асыра бастады.

Шымкент қаласына арнайы келген финляндиялық компания өкілдері – компанияның атқарушы директоры Владимир Олещенков, вице-президенті – Сакари Лаитинен және инженері – Тутти Лаитинен Шымкент қалалық су арнасы мекемесінің цифрлық қамтылуын, кәсіпорын қуаттылығын зерделеп, есептеуіш құралдары мен датчиктерінің, қысым реттеуіштерінің көрсеткіштерін UROS жүйесінде сынақтамадан өткізбек.

Шетелдік мамандар кәсіпорынды цифрлық жаңғырту, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану бағытында қалалық су арнасының басшылығына нақтылы ұсынымдар әзірлемек.

UROS компаниясы су арнасы мәселелерімен шұғылданатын бірнеше финляндылық кәсіпорындарда цифрландыру және гидравликалық моделдеу жобаларын табысты іске асырған.  UROS компаниясының жобалары сондай-ақ  Ресей Федерациясында, Қытай Халық Республикасында, Үндістанда қолға алынған.



10.09.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР