Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілеттіктері артады

Бұл мәселе ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында қамтылған.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә.Смаиловтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асырудың бір бағыты ретінде еліміздегі үш ірі қалалары әкімдіктерінің өкілеттіктерін арттыру мәселесі айқындалған.

— Мемлекет басшысының «Сындарды қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру бағытында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Жоспар 5 бағыт бойынша жалпы 81 іс-шараны қамтиды, деді  Ә.Смаилов.

— Жолдаудың «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты бесінші бағыты бойынша барлығы 10 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдар жұмысын бағалаудың жүйесі қайта қаралып, 3 ірі қалалар әкімдіктерінің өкілеттіктері артатын болады. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары операторларының саны кемітіліп, ҚР Парламенті жанынан заңнамаларды зерттеу институты құрылады. «Сарыарқа» магистралды газ құбырына қосылу үшін кезең-кезеңімен газ тарату желілері іске қосылмақ, - деп түсінік берді   ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі.



10.09.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР