Шымкентте кедергісіз орта құру мәселелері талқыланды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін және ұсыныстарын талқылау жиыны өтті.

Отырысқа «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар және олардың ата-аналары қатысты.

Б.Нарымбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлу мәселе қамтылғандығын айтып, партия тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатындығын жеткізді. Жиынға қатысқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүгедектерді оңалту және емдеу мәселелеріне қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салып, өзекті мәселелерді көтерді.

Партия филиалының басшылығы жобаның табысты іске асуы қоғам тарапынан тұрақты бақылауға алынғандығын хабарлап, азаматтар көтерген мәселелер бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі деп сенім білдірді.



10.09.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР