ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен кездесті. 
Кездесу барысында қос тарап өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен қарым-қатынасты дамыту жайын талқылап, серіктестік жобалар мен ортақ мүдделерді сөз етті. 
Оңтүстік Африка Республикасымен өзара ынтымақтастықты күшейту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтқан қала басшысы, мегаполисте инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын және түрлі бағыттар бойынша әріптестік байланысты дамытуға ашық екенін жеткізді. 


Мәртебелі мейман Қазақстан мен ОАР арасында достық қатынастың берік екенін жеткізіп, осы байланысты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, елші туризм саласы мен тамақ өнеркәсібі бағытында бірлескен ортақ жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін айтты. 
«Шымкент қаласы тамақ өнеркәсібін дамытуға қолайлы аймақ, өйткені мұнда көкөністер мен жемістер жеткілікті. Сондықтан Шымкентті Кинг-Таун секілді тамақтың астанасы етуге болады»,-деді Кийтуметци Мэттьюс. 
Туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға Шымкент қаласының мүдделі екенін айтқан қала әкімі, ұсынылған жобалар бойынша әкімдік тиісті жұмыстарды жүргізуге әзір екенін мәлім етті. 
Кездесу барысында білім мен ғылым саласында тәжірибе алмасу мәселесі де сөз болды. 

 

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



10.09.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР