Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппараттық мәжiлiс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қала аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу  және жол құрылысы мәселелері қаралды.
Жиында қаралған бірінші мәселе бойынша жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Сүлейменов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева мен отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаев құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалада  жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың дендеп бара жатқанын айтқан қала басшысы  тиісті мемлекеттік органдардың кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактика бағытындағы жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын аңғартатынын атап өтті. 


Осы ретте әкім жергілікті полиция қызметіне аудан әкімдіктерімен және тиісті басқармалармен бірге кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық рейдтік іс-шараларды жүргізуді тапсырды.  Сонымен қатар, білім басқармасына мектептердегі психолог мамандардың жалпы білім деңгейлері мен біліктілігіне талдау жүргізуді, ал отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді қадап айтты. 
Жиында қаралған келесі мәселе - қала аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша Ерлан Қуанышұлы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен аудан әкімдеріне жауын-шашын маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуді және ирригация желілерін тазарту жұмыстары мен су тартатын арнайы техникалардың дайындығын тексеруді жүктеді.
Жол құрылысы мәселелері туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының баяндамасын тыңдаған қала басшысы шаһардағы көшелердің жағдайына аралау жүргізіліп, нәтижесінде бір қатар кемшіліктер анықталғанын айтты. 
Осы кемшіліктерді жою мақсатында әкім салалық басқармаға қала көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өткелін реттеуді және жол бойындағы жол белгілеріне кедергі тигізіп тұрған ағаштарды бұтау жұмыстарын жүргізуді айтты. Жиынды қорытындылаған қала әкімі сала жетекшілеріне әрбір іске жауапкершілікпен қарап, атқарылған жұмыстарды сөзбен емес іспен көрсетуді айтып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



16.09.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР