ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты салтанатты жиын болып өтті.  

Мерекелік шараға қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов барша ұлағатты ұстаздарды құттықтап, марапаттады.
"Әлемдік өркениетке бет бұрып, болашақ қазақ елінің ұрпақтарын тәрбиелеудің және білім берудің негізі ол - мектеп. Ұстаз деген сөз қаншалықты қысқа болғанымен арқалаған жүгі өте ауыр. Қадір-қасиеті өте терең. Сол себептен мұғалім болу әр адам баласының қолынан келетін болса, ұстаз болу үшін үлкен қасиет керек шығар. Себебі, ұстаз деген ұғым, өте қасиетті ұғым. Тек нағыз ұстаз ғана егемен елге лайықты ұрпақ тәрбиелей алады. Бала жүрегіне жол таба білетін, рухани азық беретін де - ұстаз. Бұған қала ұстаздарының бүгінгі таңдағы шынайы еңбектері дәлел",- деді өз құттықтауында қала басшысы.


Салтанатты шарада ұстаздардың ұстазы атанып жүрген  Н.Байғұтов, Б.Көмекбаева, Қ.Апатанов, Т.Демеуова, Г.Атемова, С.Бахтығалиева, Н. Жүзбаева сынды ардагер ұстаздар мен білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер қала әкімінің «Құрмет грамотасы» табысталса, шәкірт жолында талмай еңбек еткен 7 мұғалім қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, осы күні ұлағатты 5 ұстаз ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен наградталса, 16 мұғалімге министрліктің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хаттары табысталды. Бұдан бөлек, 5 педагог Шымкент қаласы мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды. 


Айта кетейік,  жалпы қалада 147 мектеп болса онда шәкірттерге білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп жүрген 17 мыңнан астам мұғалім бар. Соның ішіндегі 8 мыңнан астамы жоғары және І дәрежедегі педагог. Бүгінгі таңда мектептердегі педагогтардың  88 пайызы яғни, 12 698 ұстаз жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бүгінгі мерекелік іс-шараға қаламыздағы білім беру  ұйымдарынан 1300-ден астам  педагогтар қатысты.

 

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



04.10.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР