"KIMEP UNIVERSITY" өкілдерімен кездесу өтті

Қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай «KIMEP UNIVERSITY» АҚ президенті Бэнг Чай Йан  мырзамен кездесті.


Кездесу барысында университет Президенті Чан Йан Бэнг мырза Шымкент қаласының білімді, талантты оқушыларына университет атынан 20 грант ұсынды. 
Сонымен қатар, түрлі саладағы басшылық лауазымдағы қызметкерлерге біліктілікті арттыру мақсатында  грант бөлу мәселелері талқыланды.  


 
Басқосуда аталған университет президенті бакалавр  дәрежісінде  білімін аяқтаған мамандарға магистратура, докторантура дәрежесі бойынша  аталмыш университетте оқуға шақырды.

Жыл сайын қаламызда 8 мыңға жуық түлек мектепті бітіреді. Оның 70 пайызы грант және ақылы негізде  жоғары оқу орындарына түседі. 

Бұл оқу ордасы еліміздегі белді университеттердің бірі болып табылады. Айта кетейік, Шымкент қаласынан жылына 50-ге жуық оқушы аталған университеттің студенті атанады.   

Шымкент қаласының баспасөз қызметі



09.11.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР