ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІСІ ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Халықтың билікке деген сенімі оның нақты іс-әрекетіне қарай артады. Ел ішін жиі аралап, жағдайларын көзбен көру керек» деген болатын. Осы мақсатта бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

А.Балаева сағат 10.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін қабылдауға жазылған 80-ге жуық тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындары жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі мен өз кәсібін ашу үшін мемлекеттен қолдау сұрап келсе, енді бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мәселелерін айтты. 

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, Аида Балаева тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін айтып, оларды «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға шақырды. Көмек сұрай келген көпбалалы аналардың мәселелері бойынша Президент көмекшісі жергілікті билік өкілдеріне қолдау көрсету бойынша нақты шараларды атқаруды тапсырды.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын, өмір сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс атқаруды және медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тиісті салалық жетекшілерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Президент көмекшісінің жеке қабылдауына келген әрбір тұрғынның мәселесі хаттамаға жазылып, шешілуі бақылауға алынатынын айтқан Аида Ғалымқызы мемлекеттік деңгейдегі мәселелер өзінің назарында болатынын жеткізді.



29.11.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР