ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕКІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен цифрландыру басқармаларына жаңа басшы тағайындалды. 
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының басшысы болып Турханов  Абай Абдиманафұлы тағайындалды. Абай Абдиманафұлы осыған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген. 
А.Турханов 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру.
Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент филиалының жол белгілері бойынша маман болып бастаған. 2008-2018 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.


Ал, цифрландыру басқармасының басшысы лауазымын  Оспанов Айдос Бахытжанұлы атқаратын болады. 
А.Оспанов 1987 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша каржыгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистрі.
Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласының  Салық саясаты және кеден заңнамасы басқармасының сарапшысы болып бастаған. 2010 - 2018 жылдары аталған мекемеде  бас сарапшы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы, Шымкент қаласы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



29.11.2019


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР