ЕРЛАН АЙТАХАНОВ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Олардың қатарында Дархан Мыңбай, Нұржан Әлтаев және Фахриддин Қаратаев бар.

Кездесуде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда атқарылар жұмыстардың жайы сөз болды.

Қала басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қалада өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп, Шымкент халықтың санымен ғана емес, экономикалық қуатымен де қарқынды өсіп келетінін атап өтті.

«Өткен жылдың 11 айы бойынша өнеркәсіп өнімі - 16,4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі - 5,5 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі - 15,3 пайызға, ал бөлшек сауда көлемі 7,1 пайызға артты. Қалада 2 индустриялық аймақ жұмыс істейді, олардың жері 100% игерілген. Бүгінгі күнге құны 42 млрд теңгелік 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Ашылғалы мемлекеттік бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық түсті. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады», - деді қала әкімі.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулылары алдағы уақытта да Шымкент қаласының өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



10.01.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР