ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Жиында «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов халық қалаулысын атқарылып жатқан ауқымды істермен таныстырады.

Нұржан Әлтаев Парламенттегі жалпы заң қабылдау жұмыстарының барысын екшеп өтті. Кәсіподақ мүшелері мен тұрғындар сан түрлі саланы қамтитын сұрақтарын қойды.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаты жұмысшылар мен еңбеккерлердің құқын қорғау екеніне ерекше тоқталып, осы бағытта кәсіпорындарда өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымды екенін жеткізді.

Сондай-ақ, жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы жалақы қарыздарын шешу, еңбек шарттарын жасасу мен ұжымдық шарт жасасу мәселелерінің шешілуін баяндады. Бірлестік төрағасы еңбек дауын жою мақсатында ашылған татуласу орталығының жемісті жұмыстармен де бөлісті.

Депутат пен кәсіподақтықтармен кездесуінде «Медиация» туралы заңның аясын кеңейту, соның нақты мысалы ретінде мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қызметкер арасында болатын дауды ең алдымен татуласу бойынша медиация баспалдағынан бастау қажетігі көтерілді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев сауалдарға байыппен жауап беріп, өзекті мәселелерді шешу үшін тиісті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.



10.01.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР