ШЫМКЕНТ: СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров үшінші мегаполиске жасаған жұмыс сапары аясында Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарымен және жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынға сенаторлар Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаров, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде Парламентте қабылданған заңдардың мазмұны, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының ерекшеліктері және атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ қаланың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі қорытындылармен және осы жылғы жоспарлары талқыланды.

Алқалы жиында сөз алған Бектас Әбдіханұлы Парламентпен қабылданған заңдарды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында осы жылдың 5 қаңтарынан бастап өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесіп жүргенін, бұл кездесудің негізгі мақсаты елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтты. Өз сөзінде вице-спикер өткен жылы Сенат пен Мәжіліс халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашатын 83 заң жобасын қабылданғанын атап өтті.

Жиында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық фракциясының жетекшісі Б.Төлегенов, қоғам қайраткерлері О.Рахманбердиев, Б.Тұрғараев, Ш.Мырзахметов, «Достық» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов және қоғам белсендісі Ж.Өтеген өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Вице-спикер мен сенаторлар кездесуде қозғалған өзекті мәселелер мен тиімді ұсыныстарды ел Үкіметі мен Парламентке жолдап, олардың оң шешім табуына ықпал ететіндерін жеткізді.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулылары алдағы уақытта да Шымкент қаласының өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндерін айтты.



10.01.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР