Құтыру ауруынан сақ болыңыз!!!

Құтыру ауруы-жүйке жүйесін қатты зақымдайтын вирустық ауру. Бұл дерттің адамдарға құтырған жан-жануарлар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болуы мүмкін.

Құтыру ауруының емі жоқ, алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында жануар тістегеннен, тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге алғашқы медициналық көмекке қаралуы керек.

Иесі белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетіңіз, ветеринар маманы 10 күндік бақылауда ұстайды, осы аралықта 3 рет егу тағайындалады. Ал, егерде жарақаттаған ит, мысық белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу тағайындалады.

Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарлардан балаларды аулақ, оқшаулап ұстап, шұғыл ветеринар маманын шақыру керек. Үй аумағында ит, мысық асырайтын болсаңыз, ветеринарға  көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцинаны ектіру қажет.

 Сонымен қатар, жеке қожалығыңыздағы итті бос жіберіп қараусыз қалдыру Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес, айыппұл салуға әкеліп соғатындығын қаперлеріңізде ұстаңыздар.

Сіздің денсаулығыңыз Өз қолыңызда!

Қосымша  ақпараттарды  Шымкент қаласының  «Ветеринариялық  қызмет» МКК-нан ала аласыздар. Байланыс нөмірі: 45-05-22, 45-05-05.



11.02.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР