ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала әкімінің қабылдауына жазылған Шымкенттің жүзден астам тұрғыны назардан тыс қалған жоқ. Бұл күні өтініш білдіруші азаматтардың барлығы Мұрат Әйтеновке және қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды.
Тұрғындардың басым бөлігі қала  басшысынан жұмысқа орналастыру, баспана мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және жеке сипаттағы мәселелерін шешуге көмектесуін сұрады. Сонымен қатар, аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу секілді тақырыптар қозғалды.


Қала әкімі әрбір өтініш берушінің шешімін мұқият қадағалап, көтерілген әр мәселе заң шеңберінде қаралып, шешілетінін атап өтті. 
Мұрат Дүйсенбекұлы әр тұрғынның сауалын тыңдап қана қоймай, оларды шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Аталған лауазымды тұлғалар бұл күні 200-ге жуық азаматты қабылдап үлгерді. Ал, осы күні қабылдауға кіруге үлгермеген азаматтар ертең сағат 15:00-де «Көрме» орталығында жалғасын табатын қабылдауға кіретін болады.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



13.02.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР