МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 13 ЕЛДІМЕКЕННІҢ АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ»

Қалада инженерлік инфрақұрылым өзекті мәселе. Оның бірнеше себебі бар. Халық саны жедел өсуде. Жаңадан 41 елді мекен қалаға қосылды. Осының салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспеуде. Алдағы 3 жылда осы мәселені барынша шешуге жұмыс істейтін боламыз. Халық алдындағы есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі биылғы жылы 140 мың халқы бар тасымал арқылы су ішіп отырған 8 елді мекен және жартылай сумен қамтылған 5 елді мекеннің мәселесі шешілетінін айтты.
«Ауыз су бойынша қаладағы 81 елді мекеннің 63-і толық қамтылған, 10-ы жартылай, 8 елді мекені тасып ішеді. Қамтылуы 94,7%. Халықты ауыз сумен қамту үшін өткен 3 жылда  31 мыңнан астам тұрғыны бар 9 елді мекенге ауыз су құбыры тартылған. Қазіргі таңда қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа шағынаудандарды дамытуға ауыз судың қуаты жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 3 магистралды құбыр салуымыз қажет. Биылғы жылы қалалық бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, шалғайдағы 5 елді мекенді сумен қамтитын магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде. Алдағы 3 жыл ішінде жартылай қамтылған  10 елді мекен және қалаға жетіспейтін магистралды су құбырларын тартуды жоспарлап отырмыз»,-деді М.Әйтенов.


Бұдан бөлек, қала басшысы осы жылы 100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков - Жібек жолы магистралды кәріз жүйесінің құрылысына 850 млн. теңге бөлінгенін және 3 жылдық жоспар бойынша 26 км кәріз коллекторының және қуаты 150 мың метр куб. тазарту қондырғысының  құрылысын кезең-кезеңімен салу жоспарланып жатқанын мәлім етті. Яғни, алдағы уақытта 13 елді мекен кәріз жүйесіне қосылып, коллектордың қабылдау қуаты артпақ Осылайша, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 49 пайыздан 59 пайызға жетпек. Ал, қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында биылғы жылы республикалық бюджеттен қуаты  сағатына 250 мың метр куб құрайтын №3-ші АГРС құрылысы басталмақ. Құрылысы 2022 жылы аяқтау жоспарлануда. 
Соңғы 3 жылдың ішінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамту мақсатында 10  елдімекенге электр желісі және 2 подстацияның құрылысы салынған. Бүгінде Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамту деңгейі 93 пайызды құрайды. Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, екі подстанцияның құрылыстары жүргізілуде (қуаты 110 кВ "Ақжар" және   "1-М-1"). Олар келесі жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, қуаты 110 кВ құрайтын төрт ("Астана-1", "Астана-2", "1-М-1", "Ақжар") подстанция іске қосылып, электр қуатымен қамту 180 МВт-тан 300 МВт артады. Бұл қаланың қажеттілігін шешуге мүмкіндік береді. Осының арқасында 90 мың халқы бар 30 елді мекеннің мәселесі шешіледі.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



14.02.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР