ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АЛАҢЫ МЕН АРБАТТА ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.

Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде. 

Шаһардағы басқа да профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Бүгін Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 санитарлық бекет қойылды.

Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Мамандар әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексеруде.

Ал Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан Шымкентке келген тұрғындарды дәрігерлер емханаға уақытша тіркеуге шақыруда.

 



25.03.2020


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР