ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімі аппараты басшысы лауазымына Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов тағайындалды. Қала басшысы Нұрлан Сауранбаев аппарат басшысының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.


Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылы 11 маусымда ОҚО Шардара ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, су ресурстары және суды пайдалану, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі және заңгер.


Еңбек жолы ОҚО ауылшаруашылығы басқармасында жетекші маманнан басталып, түрлі жылдар аралығында басқарма басшысының орынбасары лауазымына дейін сатылай өскен.

Сонымен қатар, ҚР Парламент Мәжілісі аппаратында қызмет атқарған.

2017 жылдың қаңтарынан бүгінгі таңға дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарған.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР