Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің инвестиция және бизнес-жобалар бойынша кеңесшісі тағайындалды. Алдағы уақытта Игорь Копайлов кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектесетін болады.

 

Айта кетейік, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев бұған дейін кәсіпкерлермен кездесу барысында әкімдікке кәсіпкерлер мәселесімен етене таныс маман қажет екенін айтқан болатын. Болашақ кеңесші іскерлік саласынан болуы және саладағы барлық түйткілдермен таныс болуы қажет деген еді шаһар әкімі.

 

Енді бұл жауапкершілік ірі бизнес-құрылымдарды басқару саласында тәжірибесі бар Игорь Копайловқа тапсырылды. Игорь Копайлов түрлі жылдары «Хабар агенттігі» АҚ (медиахолдинг) коммерциялық директоры, «Қазақфильм» АҚ вице-президенті, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында вице-президент, «Атамекен» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарып, қазақстандық «Қазинвест» инвестициямен жұмыс істеу орталығын басқарған.

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскерлік Кеңесінің Қазақстан Республикасы тарапынан атқарушы хатшысы және ҚР Индустрия және сауда министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған. «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-да басқарушы лауазымдарда жұмыс жасаған. Соңғы қызметі - «SCAT» әуе компаниясының басқарушы директоры.

 

Францияның Жоғары экономика және коммерция мектебінің (Н.Е.С.) кәсіби басқару шебері дәрежесі бар.





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР