Шымкентте қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті

Шымкентте орын алған балмұздақтан улану жайты мен жаппай өрт қауіпсіздігін тексеру шаралары бойынша қалалық қоғамдық кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Әл-Фараби аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Т. Серманизов кәсіпкерлерге тексеру жұмыстарын тек арыз-шағым түскенде ғана тексере алатындарын жеткізді. Осыған орай қоғамдық кеңес тарапынан қоғамдық мониторинг жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Алғаш болып қаладағы мектеп асханаларын тексеру керегі айтылды.

 

 

   

 

 

Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын орындар мен сауда - ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі шараларын нығайту да сөз болды. Қазіргі таңда қаладағы мұндай орындардың барлығында өрт қауіпсіздігі талапқа сай.

 

 

   

 

 

Сонымен қатар мәжілісте «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шымкент қалалық мәслихаты шешімінің жобасы, «Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы, «Автотұрақтар үшін бөлінген жерлер санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы мен басқа да мәселелер талқыланды.





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР