ЖОБА 8

ЖОБА

«Шымкент қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде
тұратын балаларды жалпы бiлiмберетiн мектептерге
асымалдаудың 
схемалары мен тәртiбiн бекіту туралы»
Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қарашадағы №305
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қарашадағы №305 «Шымкент қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртiбiн бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3450 тіркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2015 жылдың 3 наурызында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Осы қаулының 14 қосымшасындағы 9 және 10 тармақтары алып тасталсын;

қаулының 14 қосымшасы 4 тараумен келесідей мазмұнда «Қорытынды ережелер» 27. Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.» толықтырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы Ы.Мадиевке жүктелсін.
     
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                                    Қала әкімі                                                    Ғ.Әбдірахымов

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР