2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл  шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жоба

2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын
басым ауыл  шаруашылық дақылдарының түрлері
бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 
2 тармағына, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материялдарының және көктемгі егіс пен егін  жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығының 10 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.

3.   Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 20 қыркүйкегінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Қала әкімі                                                                        Ғ.Әбдірахымов

 


 

                                                                         Шымкент қаласы әкімдігінің
                                                                             2016 жылғы «____»__________
                                                                         №  қаулысымен бекітілген

 

 

Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері

 

Дақыл түрі

Егістіктің оңтайлы мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Күздік бидай

20.09.2015

20.11.2015

Тәлімі және суармалы жер

2

Жоңышқа

10.03.2016

10.04.2016

Тәлімі және суармалы жер

3

Көкөніс

10.03.2016

20.05.2016

Суармалы жер


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР