Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы 

Шымкент қаласының аумағында
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
мөлшерлемесін және бірыңғай жер
салығының мөлшерлемелерін жоғарылату
туралы

  

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  (Салық кодексі)  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5-тармағына, 444 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына  сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылатылсын.

2. Шымкент қалалық маслихатының 29 қыркүйектегі 2015 жылғы №50/389-5с «Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3387 тіркелген 2015 жылғы 6 қарашадағы «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                                               Б.Салимов

 

Қалалық мәслихат  сессиясының төрағасы                                                          Н.Бекназаров


 

Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылау туралы

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Түсіндірме  жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші  мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекетік орган 

Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің  негіздемесі 

    Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, ҚР Жер кодексінің 9 бабының 1,2 тармақтарына және ҚР «Салық және салық төлемдер бойынша» кодексінің 386 бабының 5 тармағы, 444 бабының 1 тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған  жағдайда  болжанатын әлеуметтік – экономикалық және немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдауда негативті әлеуметтік-экономикалық және немесе  құқықтық салдарға алып келмейді 

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдағанда мемлекеттік бюджет есебінен шығынды қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің  мерзімі мен болжанатын тиімділігі 

Жергілікті бюджет түсімдерін арттыру мақсатында

 

6.

Жобада қаралатын  мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан мәслихатының шешімдері 

Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/389-5с санды шешімі

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі 

Талап етпейді

8.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімі басшысы                                                           Қ.Сайлауов


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР