Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын-алу, жою жұмыстарының барысы және 2015-2016 жылдарғы жылу беру маусымының қорытындысы және қаланы 2016-2017 жылдарғы күзгі-қысқы кезеңге дайындаудағы міндеттері қаралды

13.04.2016 ж.

 

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер

1

 

Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын-алу, жою жұмыстарының барысы туралы
 

2

 

2015-2016 жылдарғы жылу беру маусымының қорытындысы және қаланы 2016-2017 жылдарғы күзгі-қысқы кезеңге дайындаудағы міндеттер туралы
 

3

 

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы
 

 

Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Н. Кушеров баяндама жасады.

Н. Кушеров,  қала аумағындағы әсіресе, «Қырғы»  («Жоғарғы») базар, Төле би, Әйтеке би  көшелері, Темірлан тас жолы бойында заңсыз орналасқан ретсіз сауда орындарын заң талаптарына сәйкес ретке келтіру шаралары мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. 

Сонымен қатар, қалада осы мәселеге қатысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан әкімдерінің төрағалықтарымен құрамына құзырлы органдар қызметкерлері, мәслихат депутаттары  енгізілген жұмысшы топтар құрылғанын атай отырып, жергілікті полиция қызметінің ретсіз сауда орындары мен сол аумақтарда орын алған  заңсыз автотұрақтарды жоюдағы жұмысына сараптама жасады.

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселенің қаралуын қорытындылай келе, аталған саладағы жұмысты жүйеге келтіріп, жандандыру мақсатында жауапты лауазым иелеріне:


- қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі болып отырған заңсыз сауда орындарын жою  бағытында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиімді шаралар  көруді;


- қала аумағындағы «қызыл сызық» үстінде заңсыз орналасқан сауда орындарының жер телімдерін  мемлекет меншігіне  қайтаруды тапсырды.

 

Сонымен қатар,  қала әкімі қалалық жергілікті полиция қызметіне


- қала аумағындағы ретсіз сауда орындарын, заңсыз көлік тұрақтарын жоюдың арнайы іс-шаралар жоспарын  бекітуді;


- жол бойындағы ретсіз сауда және заңсыз автотұрақтарға айналған орындарға жергілікті полиция қызметініңтәулік бойы кезекшілігін ұйымдастырып,халыққа түсіндіру жұмыстарынжүргізуді тапсырды.

       

Екінші мәселе бойынша  қала әкімінің орынбасары Б. Жанбосынов, қаланың 2015-2016 жылғы  жылу беру маусымының   қорытындысын баяндады.  

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені талқылау барысында:


- «Нұрсәт» шағынауданындағы  көп қабатты тұрғын үйлерді  ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді;

 

«3-Энергоорталық» акционерлік қоғамына:


- №2 автотрансформатордың келесі жылу маусымына дейін  ауыстырылуын қамтамасыз етуді тапсырды

 

Аудан әкімдері мен  «Қуатжылуорталық-3»  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнына:

тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, пайдаланылған жылу қуаты төлемақысының толық өтелуін және көпқабатты тұрғын үйлерде жылу есептегіш құралдарын орнату жұмыстарының кестеге сәйкес аяқталуын қамтамасыз ету тапсырмасын берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 55 қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР