Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

15 сәуір 2016 жыл     №707      Шымкент қаласы


Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды
қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты
тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Шымкент қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2016 жылдың 1 мамырынан бастап 70 теңге көлемде белгіленсін. 
2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №195 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-1-162 тіркелген, 2012 жылы 5 шілдеде «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Жұматаевқа жүктелсін. 
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Қала әкімі                     Ғ. Әбдірахымов

«Келісілді» Шымкент қалалық мәслихат хатшысы «_16_»  наурыз 2016 жыл                        Н. Бекназаров


Шымкент қаласы тұрғындарының назарына

Қолданыстағы заңнамаға, жергілікті атқарушы орган және тасымалдаушылар арасында түзілген келісімшарттарға сәйкес, 2016 жылғы 1 мамырдан бастап қалалық қоғамдық көлік бағыттарында жолаушылар мен багажды 70 теңге тарифі бойынша тасымалдау жүзеге асырылады.
Оның ішінде:

 

1. Тасымалдаушылар есебінен:
– Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
– «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған тыл еңбеккерлері;
– I-топтағы зағип жандар бір сүйемелдеуші адаммен;
– «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгілерінің иегерлері; 
– Шымкент қаласының құрметті азаматтары автобус бағыттарында тегін жүреді.

 

2. Қаладағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, жоғары және арнайы оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері (студенттік билеті болған жағдайда) автобус бағыттарында 50 теңге төлеп жүреді.
 

3. Жолаушы өзiмен бiрге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін алып жүреді және 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балалар жолақы тарифінің толық құнының 50% (35 теңге) төлеп жүреді.

Шымкент қаласының 
жолаушылар көлігі және 
автомобиль жолдары бөлімі


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР