Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы (ШЕШІМ)

ЖОБА

Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ

«__»____ 2016 жыл             №__              Шымкент қаласы

Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталудың қоса беріліп отырған нормалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы        Х. Сәрсенов

Қалалық мәслихат хатшысы    Н. Бекназаров


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің қаулы мен Шымкент қаласы мәслихатының шешім жобаларына
 

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

 

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

 

1

 

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

 

2

 

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, ҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚазақстанРеспубликасындағыжергіліктімемлекеттікбасқаружәнеөзін-өзібасқарутуралы » Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы №426-V «2016-2018 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11 бабына сәйкес

 

3

 

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдар

 

Қабылданатын акт негативтік әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық нәтижелерге апарып соқпайды

 

4

 

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

 

Қабылданатын акт мемлекеттік бюджет шығындарын талап етпейді.

 

5

 

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

 

Қоқыс тасымалдауда туындап отырған мәселелердi шешу жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында

 

6

 

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілерді және  олардың іске асырылуы, нәтижелері туралы мәліметтер

 

Жоқ

 

7

 

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

 

Қажет емес

 

8

 

Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б)

 

Қажет емес

 

9

 

Өзге де мәліметтер

 

Жоқ

 


Шымкент қалалық мәслихатының
шешіміне қосымша 
 «___»  __________2016 жылғы №___

 

 Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
 

 

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

 

Есептік бірлік

 

Жылдық жинақталу нормасы, м3

 

1

 

Жайлы және жайлы емес үйлер

 

1 тұрғын

 

1,7
2,0

 

2

 

Жатаханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

 

1 орын

 

1,2

 

3

 

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

 

1 орын

 

1,2

 

4

 

Балабақшалар, бөбекжайлар

 

1 орын

 

0,24

 

5

 

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

 

1 қызметкер

 

1,4

 

6

 

Емханалар

 

1 адам

 

0,02

 

7

 

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

 

1 төсек орын

 

1,0

 

8

 

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

 

1 оқушы

 

0,06

 

9

 

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

 

1 тағам

 

1,5

 

10

 

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

 

1 орын

 

0,26

 

11

 

Мұражайлар, көрмелер

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

--

 

12

 

Стадиондар, спорт алаңдары

 

Жоба бойынша 1 орын

 

1,2

 

13

 

Спорт, би және ойын залдары

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

1,2

 

14

 

Азық-түлік дүкендері

 

Сауда алаңы 1 м2

 

1,2

 

15

 

Машиналардан сату

 

Сауда алаңы 1 м2

 

1,4

 

16

 

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

 

Сауда алаңы 1 м2

 

0,8

 

17

 

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

 

Сауда алаңы 1 м2

 

0,55

 

18

 

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

0,02

 

19

 

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

0,02

 

20

 

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

--

 

21

 

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

0,59

 

22

 

Жағажайлар

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

--

 

23

 

Дәріханалар

 

Сауда алаңы 1 м2

 

0,38

 

24

 

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

 

1 машина-орын

 

1,4

 

25

 

Автомобиль шеберханалары

 

1 жұмысшы

 

0,85

 

26

 

Гараж кооперативтері

 

1 гаражға

 

--

 

27

 

Шаштараздар, косметикалық салондар

 

1 жұмыс орны

 

2,2

 

28

 

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

0,56

 

29

 

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

0,75

 

30

 

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)

 

1 жұмыс орны

 

0,55

 

31

 

Моншалар, сауналар

 

Жалпы алаңы 1 м2

 

1,15

 

32

 

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

 

1000 қатысушы

 

--

 

33

 

Бау-бақша кооперативтері

 

1 учаске

 

--

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР