Қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2016 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі

18.05.2016 ж.
 

Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

Қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2016 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі

 

2.

2016 жылы  қала оқушыларының жазғы демалысын, сауықтыруын және жұмысқа тартылуын ұйымдастыру туралы

 

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай баяндама жасады.

Қ.Нұртай өз баяндамасында комиссияның ережеге сәйкес  өткізілген 22 отырысында ата-аналардың және  өзге де заңды өкiлдерiнің өтiнiштеріне қатысты 160-қа жуық қаулы қабылданса, балалардың заңды мүдделерін қорғайтын 403 -ке жуық комиссия шешімдері  қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар, комиссия  құзырлы органдармен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қылмыстың  алдын-алу мақсатында 36 рет түнгі рейд  іс шараларын өткізіп, құқық бұзуға бейім оқушыларды есепке алу жұмыстары басшылыққа алған. Бүгінгі күні мектепішілік есепте- 298, облыстық наркология орталығында - 17, ішкі істер басқармаларында -86, барлығы 401 оқушы есепке алынған.   

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені  қарау барысында қала аумағындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, оқушы қыздар арасындағы ерте жүктіліктің жағдайын сынға алды.

 

Қала әкімі сөзін  қорытындылай келе, комиссия мен білім бөліміне құзырлы органдармен бірлесіп:

қала аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарында қордаланған  мәселелердің  шешімін табу, комиссия жұмысының деңгейін көтеру мақсатында 1 ай ішінде жаңа тәсілдер мен әдістемелер ескерілген ұсыныстың дайындалып, бекітілуін және аталған мәселені әкімдік мәжілісінде қайта қарауды тапсырды.

 

Екінші мәселе бойынша  сөз алған қалалық білім бөлімінің басшысы Ы.Мадиев, жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы  отбасы балаларына қала бюджетінен бөлінген қаржыға  4082 бала,  мектептер  жанынан ашылатын сауықтыру алаңдарының 1018 тобында   30 565 оқушы демалатынын айтты. Сонымен қатар, жазғы демалыс маусымында қаланың  барлық мектептерінде  спортық үйірмелер жасақталып, көгалдандыру бригадалары, үйірме жұмыстары жүргізіледі және қаламыздың мұражайларына, тарихи орындарға туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырылады.

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені талқылау барысында білім бөлімінің оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы жұмыс деңгейі төмен екенін атай отырып, тиісті бөлімдерге:

- барлық мектеп жанынан ашылатын сауықтыру алаңдарының жұмысын қатаң бақылауға алуды;

- жазғы демалыс лагерлерінің  білікті кадрлармен қамтамасыз етілуін, ас мәзірлерінің санитарлық нормаларға сай болуын, балалардың судағы қауіпсіздігінің  сақталуын қатаң  бақылауға алуды;

- оқушыларды жазғы кезеңде еңбекке баулу мақсатында мектептерде көгалдандыру,  жөндеу бригадаларын құруды;

- лагерлердегі балалардың үздік спортшылармен кездесуін  ұйымдастыруды;

- қала сыртындағы лагерлер мен мектеп жанындағы алаңдарда қоғамдық тәртіптің сақталуын және  полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастырып, балаларды қала сыртындағы  жазғы  демалыс лагерлеріне тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігінің  сақталуын қамтамасыз   етуді тапсырды.

 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер  тарапынан   дайындалған  қала   әкімдігінің   91  қаулысын ұсынды.  Қаулылар жан-жақты талқыланып,  қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР