Сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігінің сақталуы туралы және бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекітуі қаралды

01.06.2016 ж


Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:
 

1.

     
Сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігінің сақталуы туралы;

 

2.


Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы.

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Н.Дербисов баяндама жасады.

 Н.Дербисов, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қала аумағында тексерілетін 19 сауда орнының  11 тексеріліп, өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзған 403 факті анықталғанын, нәтижесінде 11 жеке кәсіпкерлік субъектісі  350 мың теңге  көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Сонымен қатар, Н.Дербисов баяндамасында базарлар мен сауда орындарында өртті алдын алу бағытында жүргізіліп отырған және алдағы уақыттағы шешімін табуды қажет ететін мәселерге тоқтады. 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қорытындылай келе, жауапты мекемелерге:

1. 2016 жылдың 5 айында  өрт қауіпсіздігінің жағдайы тексерілген 11 базарда  орын алған кемшіліктер дер кезінде жойылмаған жағдайда, тәртіптік шара көруді;

2. базарларда өрт оқиғасы орын алған жағдайда, жалпы қолданылатын іс-әрекеттері көрсетілген арнайы оқу-жаттығуларды кең көлемде өткізуді; 

3. қала базарларын құрылымдау меморандумын қайта қарап, нақты орындалу мерзімі көрсетілген  жұмыс кестесін бекітуді;

4. қала аумағында құрылыс материалдарын сатудың арнайы орнын белгілеп, ұсыныс енгізуді;

5. аудан аумақтарында маусымдық өнімдерді сатуға арналған көшпелі сауда орындарын белгілеп, ұсыныс енгізуді тапсырды.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімінің орынбасары Қ.Нұртай, әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің  70 қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР