Қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қалалық жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы жұмыстары туралы

15.06.2016 ж


Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:

 


1.
 


Қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қалалық жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы жұмыстары туралы;

 


2.
 


Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы.

 

 

  Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы А.Бейсенбаев, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Мейірхан баяндама жасады.


  А.Бейсенбаев ағымдағы жылдың 5 айында қала аумағында жалпы қылмыс деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 9601-ден 10777-ге, яғни 12,2 пайызға немесе 1176 қылмысқа өскенін айтып, қылмыстардың барлық түрлері бойынша  статистикалық  көрсеткіштерді баяндады.

 Келесі баяндамашы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Мейірхан қала аумағындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың жағдайына тоқтап, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары  жөнінде мәлімет берді.


Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені  қарау барысында,  аталған мекемелердің қылмыстарды, әсіресе  пәтер, мал, көлік ұрлықтарын ашу,  алдын алу, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етудегі   жұмыстарын сынға алып, қалалық ішкі істер басқармасына, қалалық жергілікті полиция қызметіне және тиісті жауапты бөлімдерге нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырмалар  берді. Оның ішінде:

- орташа және онша ауыр емес қылмыстардың ашылуын қатаң бақылауға алып, ай сайын атқарылған жұмыстар туралы мәлімет ұсынуды;

- қаладағы жалпы қылмыс түрлерінің, оның ішінде әсіресе пәтер, мал, автокөлік ұрлықтарының деңгейін төмендету бойынша нақты, мардымды шаралар қабылдауды;

- азаматтарға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айппұлдардың өндіру пайызын көбейту мақсатында,  құрамына құзырлы органдар қызметкерлері енгізілген жұмыс тобын құрып, айыппұлдарды өндірудің нақты жолдары көрсетілген ұсыныс беруді;

- басқа қалалардың жұмыс тәжірибесін зерттеп, қала жұртшылығын қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне белсене қатыстыруды және  әр аудан бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына көмек көрсетуге ниет білдірген  еріктілер тізімі  жасақтауды;

- оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында,   оқушыларды мектепке тасымалдау мәселесін шешуді және  қала көшелерінің бойындағы аяқжолдардың ретке келтіруді;

- қалалық және аудандық жергілікті полиция қызметінің жұмыс тиімділігін анықтау мақсатында, жергілікті полиция жұмысының бағалау өлшемі (критерий оценки) бойынша ұсыныс беруді тапсырды.

 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер  тарапынан   дайындалған  қала   әкімдігінің   88  қаулысын ұсынды.  Қаулылар жан-жақты талқыланып,  қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР