Қаланың ауыл шаруашылық саласындағы өзекті мәселелері және қала сәулет құрылысы кеңесінің есебі туралы

29.06.2016 ж

 

Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

 

Қаланың ауыл шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер туралы;

 

 

2.

Шымкент қаласының сәулет-қала  құрылысы кеңесінің есебі туралы;

 

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы.

 

Қала әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Т.Баймұханов  баяндама жасады.

Т.Баймұханов, қала аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді игеруде орын алған өзекті мәселелерге сараптама жасап, оның шешу жолдарын ұсынды.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені  қарау барысында, қаланың ауыл шаруашылық саласын ғылыми негізде дамытып, тиімді пайдалану арқылы дұрыс жолға қойған жағдайда,  қала, ауыл шаруашылық өнімдерімен өз  тұрғындарымен қатар,  басқа өңірлерді де қамтамасыз ете алатынын айтты.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша мәселеге жауапты  бөлімдерге нақты орындалу мерзімдері көрсетілген бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде:

- ірі қара малды асылдандыру жұмыстарын жүйеге келтіру үшін,  асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтарын құру бойынша нақты ұсыныс беру;

-  құрамына қажетті орган өкілдері енгізілген арнайы жұмыс тобын құрып, қала аумағындағы ауыл шаруашылық  мақсатындағы  жерлерді тиімді пайдалану, ауыл шаруашылық өндірісін дамыту   жолдары   көрсетілген қала деңгейіндегі арнайы бағдарлама жобасын дайындау.


Мәжілістің екінші мәселесі бойыншабаяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Н.Кушеров, қалалық сәулет және қала құрылысы кеңесінің 2015-2016 жылдары өткізген отырыстарында 107 нобайылық жобалар қаралып, әр жоба бойынша нақты ұсыныстар берілгенін, талапқа сай келмеген бірқатар жобалар кері қайтарылғанын айтты.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында, тиісті орындаушы құрылымдық бөлімдерге:

-  қаланың негізгі  көшелерінің бойындағы тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің қас беттерін қайта жаңғырту (әрлеу) бойынша нобайылық жобалар әзірлеп, ұсынуды;

- қала тұрғындары үшін қалалық сәулет-қала құрылысы кеңесінің отырыстарында мақұлданған нобайылық жобалармен танысуы қол жетімді болуы үшін,  арнайы бейнеролик әзірлеп, қала әкімдігінің веб-сайтына және фейсбукқа (facebook) ораналастыруын тапсырды

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер  тарапынан дайындалған  қала әкімдігінің  78  қаулсын ұсындыҚаулылар жан-жақты талқыланып,  қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР