Мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

2016 жылғы  24 тамыз          №1792                 Шымкент қаласы

 

Мемлекеттік мұқтажы үшін алып 
қоюға байланысты жер учаскесін 
немесе өзге де жылжымайтын 
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен 
шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №20/1443 санды ұсыныс хатын және Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» №203 санды қаулысын негізге ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы Тұран шағын ауданында (Солтүстік-батыс бөлігі) «Шымкент сити» қалашығының құрылысын жүргізу үшін қосымшада көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сайлауов жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскелерін берілуі мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш жыл деп белгіленсін. 
4. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар Жангелдин көшесі, №13/5 ғимараты, 2-қабатта орналасқан «Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуы қажет.
5. Шымкент қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Бектурсынов жер учаскелерінің немесе жер пайдалану құқығының және анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төлеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Кушеровке жүктелсін.

Ғ. Әбдірахымов, қала әкімі



Шымкент қаласы әкімдігінің
24 тамыз 2016 жылғы 
№ 1792 қаулысының қосымшасы

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР